Түркістан облысында 42 мың тұрғын МӘМС жүйесіне тіркелген

0
56

Жыл басында 400 мыңнан аса адам МӘМС жүйесімен қамтылмаған болатын.


Түркістан облысында 42 мың тұрғын МӘМС жүйесіне тіркелген

Түркістан облысында биылғы 10 айда 42 мың тұрғын мәмс жүйесіне тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында биылғы 10 айдың есебімен 42 мың тұрғын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тіркелген. Жыл басында 400 мыңнан аса адам МӘМС жүйесімен қамтылмаған болатын. Осы және өзге де атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен кезекті штаб отырысында кеңінен талқыланды. Алда тұрған міндеттер пысықталды.


– Өңірдегі МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету қажет. Осы бойынша арыз-шағымдар келіп жатады. Сонымен қатар ациентті қолдау қызметінің жұмысын күшейту қажет. Жалпы бұл мәселелер өңір басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында. Аудан, қала әкімдіктері жергілікті жауапты басқармамен бірлесіп, тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тоқтаусыз жүргізілуді тапсырған болатын. «Апта сайын – 3 пайыз, ай сайын – 12 пайыз» жобасын да қадағалаңыздар. Содан соң аудан, қала деңгейіндегі мобильді топ тұрғындар арасында қате төлемдерді қайтарып алуға байланысты тәртіп түсіндірілуі тиіс, – деді әкім орынбасары.


Жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мен жауапты басқарма басшылығы, медициналық ұйымдар мен аудан, қала әкімдіктерінің өкілдері қатысты.


Жиын барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бахыт Исмаханбетов өңір халқын МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі атқарылған шаралар туралы баяндама жасады. Аудан, қала әкімдіктері деңгейінде құрылған мобильді топ күнделікті жұмыстарды ұйымдастырып, тұрғындардың мәртебесін анықтау шарасын ұйымдастырып жатқанын атап өтті.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары Бауыржан Сатыбалды МӘМС жүйесі үшін төлемдерді өткен жылдарға төлем жасамаған 43 мыңнан аса адамға хабарлама жолданғанын айтты. Мемлекеттік кірістер департаментімен төлемдерді тұрақты төлемегендер борышкерлердің, шаруа қожалықтардың есеп шоттары бұғатталған. Әзірге 8 мыңнан аса азаматтардың қарызы өндірілген. Оның ішінде, 5 мыңға жуық шаруа қожалықтары бар. Қарызды төлемеген борышкерлер саны – 34 710 (80,5%) болса, оның ішінде, шаруа қожалықтар саны – 28 750 (82,8%).


Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміскүл Мирова отбасының цифрлық картасында Д және Е санатындағы отбасылар санын төмендету бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Осы санаттағы азаматтардың МӘМС жарналарын төлеуді жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен қаржы жоспарлануда.


Айта кетейік, Түркістан облысының халқын МӘМС жүйесіне тарту жұмысы тұрақты жалғасып келеді. Өңірде жыл басынан облыстық штабтың 17 отырысы, ал аудан, қалаларда 11 көшпелі жиын өткізілген. 2 миллионнан аса тұрғын облыстағы емханаларға тіркелген. Оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылғандар саны өңір халқының 83%-ын құрап отыр. Сәйкесінше сақтандырылмағандар саны – 350 мың жобасында. Бұл өткен аймен салыстырғанда 23 пайызға азайып отыр.

Бөлісу