Түркістан облысының дәрігері жоғары марапатқа ие болды

0
2 415

Астанада үздік дәрігерлер марапатталды. 16 дәрігердің арасында Түркістан қаласы емханасының бас дәрігерінің орынбасары Райымбек Тасырбаев та үздіктер қатарынан орын алды.


Түркістан облысының дәрігері жоғары марапатқа ие болды

Түркістан облысының дәрігері денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін жоғары марапатқа ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада үздік дәрігерлер марапатталды. 16 дәрігердің арасында Түркістан қаласы емханасының бас дәрігерінің орынбасары Райымбек Тасырбаев та үздіктер қатарынан орын алды. Дәрігер сандық медицина саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, инновациялар мен жаңа технологияларға жол ашып, сандық технологияларды қолдана отырып, денсаулық сақтауды өзгертуге кәсібилігі мен дайындығы үшін диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды.

- Бұл тек менің еңбегім ғана емес, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының қажырлы еңбегін жоғары бағалап, мойындау және әрине жалпы дәрігерлердің үлкен командасының жемісі. Бұл марапат облыстың медицина саласы мен сапасын одан әрі дамыта түсуімізге жігер береді, - дейді Түркістан қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары Райымбек Тасырбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада бүкіл әлем елдері медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесін денсаулық сақтау қызметтерімен жан-жақты қамтуға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам ретінде нығайтуға уәде бере отырып, Астана Декларациясына қол қойды.
Декларация әлемдік денсаулық сақтау саласындағы тарихи оқиға болды.
Астана Декларациясы 40 жыл бұрын қабылданған Алматы Декларациясына адалдығы туралы тағы да мәлімдейді және денсаулық сақтау қызметтерімен жан-жақты қамтуға қол жеткізу бағытын ұстанады.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз сөзінде Жаһандық конференция аясында қабылданған декларация денсауулық сақтау саласының негізі болатын алғашқы медициналық-санитариялық көмектің дамуы үшін жаңа бағыт құрады. Жаңа декларация алемнің, адамдардың, қоғамның денсаулық сақтау саласындағы және тұрақты алғашқы медициналық-санитариялық көмек арқылы адмадардың денсаулығын нығайтудағы міндеттерін көрсетеді.
Астана декларациясы Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз ету мақсатында медициналық-санитариялық алғашқы көмекке инвестицияларды көбейту үшін өркендеп келе жатқан жаһандық қозғалыс аясында қабылдануда. Денсаулық сақтаудың ресурстары негізінен күшті, барлығын қамтитын денсаулық сақтау жүйелеріне емес, ауруларды емдеу кезіндегі араласулардың жекелеген жағдайларына шоғырландырылған – бұл соңғы жылдардағы денсаулық сақтау саласындағы бірнеше төтенше жағдайлар кезінде атап өтілген олқылық.
Бүкіл ғалам үшін 2018 жылғы 25 қазан маңызды тарихи күн болды, яғни бүкіл әлем елдерінде денсаулық сақтауда жаңа мақсаттары пайда болды – бұл МСАК бойынша жаңа Декларацияға енгізілген сол бағыттар болып табылады.