Акцияға Түркістан облысы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмас Тастанбеков, әкімшілік тәжірибе мамандары, салық органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 17-18 қаңтар аралығында Түркістан облысы полиция департаментіне қарасты халықтық-кеңселерде екі күн бойы "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Екі күн ішінде полицейлерге 2 мыңнан астам келуші келіп, өз сұрақтар қойды, оның ішінде 300-ден астам сұрақ Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына түсті.
"Жолда қабылдау" акциясы онлайн-режимде де көрсетіліп отырғандықтан, желі пайдаланушыларының мамандардан тікелей эфирде кеңес алуына толық мүмкіндік болды. Аталмыш республикалық акцияға Түркістан облысы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмас Тастанбеков, әкімшілік тәжірибе мамандары, салық органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Келушілердің қойған сауалдарының басым бөлігі шетелден әкелінген көлік құралдарын тіркеу, оған төленетін кедендік баждар мен басқа да тұстары болды. Мысалы, акция кезінде Түркістан облысы ПД жанындағы халықтық-кеңсеге шетелдік мемлекеттік нөмірлері бар 80-нен астам автокөліктің иесі жүгінді.
Бұған дейін олар "шетелдік мемлекеттік нөмірлерімен" автокөліктерді сатып алып, сондықтан жүргізушілерді олардың алдағы тағдыры қызықтырды. Мамандар азаматтарға көлік құралдарын тіркеу тәртібі мен ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері тіркеу мәселелері бойынша автокөлік иелеріне қажетті кеңестерін берді. Полиция генерал-майоры Қ. Дәлбеков атап өткендей: "акция кезінде азаматтарды қызықтыратын мәселелер кеңінен талқыланды. Олар шетелден әкелінген көлік құралдарын рәсімдеу тәртібімен танысты. Осылайша, Қырғызстан мен Армениядан әкелінген көлік құралдарына кедендік рәсімдерден өту, Салық кодексінде көрсетілген алымдар мен баждарды төлеу тәртібі жүзеге асырылатыны, Ресей Федерациясы мен Беларусьтен келген көлік құралдарының бұғаттауға қарсы тежегіш жүйесі, қауіпсіздік жастықтары, бекіту жүйесі, күндізгі жүріс жарықтары болуы тиістігі айтылды. Келушілерге барлық заңнама нормалары бойынша кеңестер берілді".