ТҮРКІСТАН: Ордабасылық ұстаз шегемен сурет салады

0
562

Еңбегіне қызығушылық танытқандар көп.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық ұстаз шегемен сурет салады

Ордабасыда шегемен сурет өрген ұстаздың еңбегіне қызығушылық танытқандар көп, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының Ордабасы ауданында жіп пен шеге арқылы сәндік кескіндемелер жасайтын ерекше ұстаз тұрады. Айрықша өнерімен таныла бастаған Айнұр Сапарқызы, бүгінде Шұбарсу ауылындағы Балтабай Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ береді.


Ерекшелігі сол, шебер ұстаз аз уақыт ішінде «String art» технологиясымен бейнелеуді қолға алып, қолөнер бұйымдарының қатарына қосып отыр. String art – шегелер мен жіптерге негізделген қолмен жасалатын өнер. Бұл өнер туындысының тамыры XVII ғасырда Англиядан басталған деседі.


Алғаш ғаламтор желілерінен фигуралар мен графикалық картиналарды көріп, қызығушылығы оянған шебер өзінің алғашқы туындыларын жасай бастаған. Нәтижесінде алға қойған мақсатына ойдағыдай қол жеткізді. Болашақ ұрпаққа қазақтың біртуар зиялыларының есімдері мен бейнесін ел жадында мәңгі сақталуы үшін шегелер мен жіптер арқылы Абай Құнанбайұлының, Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсыновтың бейнесін жасап шыққан. Айнұр Сапарқызының айтуынша, алдағы уақытта осы өнер түрін өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалану үшін және өнерге қызығушылығын арттыру мақсатында білім алушыларға да үйретуді жоспарлап отыр.