ТҮРКІСТАН: Орталық аурухана бірнеше оттегі концентраторымен толықты

0
1 056

Пандемия басталғалы қауіпті дертті жұқтырғын 72 адам тіркелсе, бүгінде соның 57-і айығып шыққан.


ТҮРКІСТАН: Орталық аурухана бірнеше оттегі концентраторымен толықты

Түлкібас ауданындағы орталық аурухана 10 жаңа оттегі концентраторымен толықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданының орталық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 10 дана оттегі концентраторы табысталды. Бұл жолы игі іске ықпал болған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы.

Қазіргі таңда аудандық ауруханада жалпы 13 оттегі концентраторы бар. Бұдан бөлек, бір мезетте 55 науқас оттегімен дем ала алатын нүктелер орнатылған. Түлкібас ауданында пандемия басталғалы қауіпті дертті жұқтырғын 72 адам тіркелсе, бүгінде соның 57-і айығып шыққан. Бүгінде 12 науқас ем қабылдап жатыр.

Айта кетерлігі, бұған дейін аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен түлкібастық еріктілер тарапынан орталық ауруханаға 360 дана арнайы медициналық киімдер, 210 оттегі балоны, 2 дана оттегі концентраторы табысталған болатын. Сондай-ақ, аудан еріктілері тарапынан медицина саласының қызметкерлеріне түскі ас ұйымдастырылып келеді. Одан бөлек аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ бас санитардың қаулысы бойынша бекітілген карантин талаптарының сақталуын қатаң бақылауға алып, күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.