ТҮРКІСТАН: Шардара ауданының пиязына сұраныс артып келеді

0
994

32 гектар алқапқа пияз егілген.


ТҮРКІСТАН: Шардара ауданының пиязына сұраныс артып келеді

Шардара ауданының пиязына Ресейде сұраныс артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара ауданындағы «Тұрар» шаруа қожалығы 32 гектар алқапқа пияз, 32 гектарға бақша дақылын еккен.


Атап айтқанда ерте пісетін 12 га - "бонус" F1, орта пісетін 6,0 га - "камперо" F1 және "аргос" F1, сондай-ақ кеш пісетін 8,0 га "каоба" F1 сортты пияздары егіліп, бүгінгі таңда алғашқы өнімнің 100 тоннасы Ресейдің Екатеринбург қаласына жөнелтіліп жатыр. Пияздың 1 кг 110 теңгеден саудалануда.


Шаруа қожалықта жиын-терім кезінде 100-ден астам адам жұмыспен қамтылады.


«Тұрар» шаруа қожалығы 286,5 гектар жерді игеріп жатыр. Мұнда пияз өнімінен бөлек картоп, сәбіз, қарбыз, қырыққабат, қызылша дақылдары егіледі.