ТҮРКІСТАН: «TURKISTAR» фестивалі мәресіне жетті

0
228

Жүзден жүйрік деп танылған таланттар жүлделі орынды қанжығаларына байлады.


ТҮРКІСТАН: «TURKISTAR» фестивалі мәресіне жетті

Түркістан облысында «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының орталығында Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасындағы «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі өтті.


Бұған дейін, ән, би және аспапта ойнау жанрлары бойынша өткен байқау бүгін актерлік шеберлік, көркем сөз оқу және қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша жалғасын тапты. Аталмыш жанр бойынша 125-тен астам үміткер өз бақтарын сынады. Жүзден жүйрік деп танылған таланттар жүлделі орынды қанжығаларына байлады.


Қазылар алқасының шешімімен көркем сөз оқу жанры бойынша жүлделі l орын Ордабасы ауданынан қатысқан Тоғай Бақбергенге бұйырды. Ал актерлік шеберлік бойынша Түркістан қаласы, «АКА» шығармашылық орталығы үздік деп танылып, жүлделі I орынды иеленді. Қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша Мақтаарал ауданынан Естөре Рауан, Келес ауданынан Жолдасбек Айтжан және Қазығұрт ауданынан Дайырбек Асылайым жүлделі I орынды иеленді. Бұдан бөлек жоғары деңгейде өнерін көрсеткен бүлдіршіндерге II, III орындар және арнайы жүлделер табысталды.

Айта кетейік, байқаудың мақсаты дарынды балаларға қолдау көрсетуге, өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап, өнерге ынталандыруға бағытталған.

Бөлісу