Жолға шыққан жылқыны қаққан.
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері жүкті әйелге бір мезетте екі ота жасауға мәжбүр болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
3 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Самара-Шымкент тас жолында орын алған жол апатынан 3 адам қаза тапты. Оның ішінде екеуі ерлі-зайыптылар және біреуі жасөспірім немересі.
Шымкентік тұрғын Түркістаннан Шымкентке келе жатып, өзінің "Tayota Camry 50" маркалы көлігімен жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қаққан. Көліктің жүргізушісі дене жарақатымен Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Ол қаза болған ерлі-зайыптылардың күйеу баласы.