ТҮРКІСТАН: Жетісайда балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті

0
622

Іс-шара барысында бүлдіршіндерге демеушілер тарапынан мерекелік дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Жетісайда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндердің көңілін көтеру мақсатында Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісай қаласында «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай мерекелік іс-шара өтті.


Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбеков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Жаңбырбаев пен үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары қатысты.


Аудан бойынша бүгінгі таңда 18 жасқа дейінгі 1373 мүмкіндігі шектеулі бала бар болса, оның 325-і үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін бүлдіршіндер. 49 бала І топ, 296 бала ІІ топ, 438 бала ІІІ топ мүгедегі ретінде есепке алынса, 590 балатобы бойынша тіркелмегенімен мүгедектігі барлар.


Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларға сауықтыру, әлеуметтік оңалту шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсынатын арнайы орталықтар жұмыс істеуде.


Іс-шара барысында бүлдіршіндерге демеушілер тарапынан мерекелік дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды. Демеушілік жасаған жомарт жандарға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбековтың алғыс хаттары табыс етілді. Аудан өнерпаздары мен мерекеге қатысушы бүлдіршіндердің мерекелік концерттік бағдарламалары ұсынылды.