ТҮРКІСТАН: Жетісайлық диқандар қауынды экспорттай бастады

0
1 652

Жетісайлықтар қауынның алғашқы өнімін Ресейге жөнелтті.


ТҮРКІСТАН: Жетісайлық диқандар қауынды экспорттай бастады

Түркістан облысы Жетісай ауданының диқандары алғашқы 30 тонна бақша өнімдерін көршілес Ресей Федерациясына жөнелтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Диқан Ғабит Сабденов алдағы екі-үш күнде тағы да 90 тонна қауынды Мәскеу қаласының сауда орталықтарына аттандырмақ. Биыл 30 гектарға қауын еккен шаруа қожалығының жұмысымен Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев арнайы барып танысып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Биылғы егістік жұмыстары ерте басталды дейді диқандар. Нақтырақ айтсақ, 8 наурыз күні 30 гектар егістік алқапқа қауынның 250 мың түп көшеті отырғызылыпты. Оның 15 гектарын «F-1 Дакара», 15 гектарын «Аэропорт» сорты құрайды. Диқанның айтуынша, қауын 70 күн аралығында жетіліп шыққан.
Енді бірер күнде жетісайлық диқандар алғашқы қарбыздарын Ресей еліне жөнелтуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде сатып алушылар егістік алқап басында арту жұмыстарына әзірлену үстінде. Жалпы биыл Жетісай ауданында 15 мың гектардан астам жерге қауын-қарбыз егілген. Оның 8 мың гектардан астамын қауын дақылы құрайды.