Командалық есеп бойынша 1-орынды Түркістан, 2-орынды Шымкент, ал, 3-орынды Алматы қаласының спортшылары еншіледі.
Турнирге облысымыздың қала, аудандарынан бөлек Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Өзбекстан Республикасының спортшылары да қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
№4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен «Спорт - есірткіге қарсы» ұранымен бокстан 2006-2007, 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ауған соғысының ардагері Аппаз Мамраимовты еске алуға арналған I облыстық ашық турнирі өз мәресіне жетті.
Турнирдің ашылуында Ер Бекзаттың әкесі С.Саттарханов, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Айдарбеков, облыстық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Ә.Қожабаев және марқұмның немере ағасы С.Төленов пен әпкесі Қ.Мамраимовалар жүрекжарды тілегін арнап, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Турнирге облысымыздың қала, аудандарынан бөлек Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Өзбекстан Республикасының спортшылары да қатысты. Бес күнге созылған шаршы алаңдағы тартысты кездесуге 24 пен 50 келі аралығындағы салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 320-ға жуық былғары қолғап шеберлері өзара мықтыны анықтады.
26-30-қазан аралығында өткізілген жарыс қорытындысы белгілі болып, бабы мен бағы келісіп жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздар медальдар, алғыс хаттар мен сый-сияпаттарға ие болды. Командалық есеп бойынша 1-орынды Түркістан, 2-орынды Шымкент, ал, 3-орынды Алматы қаласының спортшылары еншіледі.