Екі баланы анасы өлтірген болуы мүмкін.
Түркістандағы тұрғынүйлердің бірінен екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
7 ақпан күні Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданған.
"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деді бұл туралы облыстық ПД бастығы, генерал Мұрат Қабденов.
Айта кетсек, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде аталған оқиғаға қатысты "отыз жас шамасындағы ана екі баласын өлтірген" деген ақпарат тараған болатын.