Бүгінде Қазіргі таңда Қазақстан құрамасында 47 жолдама бар.
Түркістан облысының 4 спортшысы Париж Олимпиадасының лицензиялық турниріне қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Париж қаласында (Франция) жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Бүгінде Қазіргі таңда Қазақстан құрамасында 47 жолдама бар. Оның 4-еуін Түркістан облысының спортшылары еншіледі. Сонымен қатар үміткерлер қатарында 4 спортшы бар.
2024 жылдың 22–29 мамыр аралығында бокстан Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтетін лицензиялық жарысқа түркістандық 2 спортшы қатысады.
Атап айтқанда, 54 келі салмақ дәрежесінде 19 жастағы спортшы Ұлжан Сәрсенбек Астана қаласында өткен спарингтік кездесуде ширек финалда Элина Базарованы (2022 жылы жастар арасында әлем чемпионы), жартылай финалда Жайна Шекербекованы (Әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері) жеңді. Ал финалда Сымбат Әлиасқарқызын жеңіп, лицензиялық турнирге жолдама алды.
63,5 келі салмақ дәрежесінде 22 жасар спортшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Астана қаласында өткен спарингтік кездесуде ширек финалда Ертуған Зейнуллиновті, жартылай финалда Жандос Қыдыралиевті, финалда Дулат Бекбауовты (2023 жылғы Әлем чемпионатының 2-орын иегері) жеңіп, лицензиялық турнирге жолдама алды.
2024 жылдың 2-4 мамыр күндері Түркия мемлекетінің Эдирне қаласында жүзуден лицензиялық турнир өтеді. Аталған жарыста 50, 100 метрде еркін жүзу және 50,100 метрде баттерфляй әдісі бойынша жүзуден Софья Сподаренко бақ сынайды.
Біраз үзілістен кейін боз кілемге қайта оралған Дидар Хамза 90 кг салмақ дәрежесінде Grand Slam турнирлеріне қатысып, Олимпиада ойындарының лицензиясын алуға күш салады.