Түркістандық дәрігерлер 9 жастағы балаға күрделі ота жасады

0
206

Жасөспірімнің ауырғанына шамамен 3 ай болған


Түркістандық дәрігерлер 9 жастағы балаға күрделі ота жасады

Түркістан облысында 9 жастағы пациентке ота жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыстық балалар ауруханасының балалар нейрохирургтары "Бас миының эхинококкозы. Көп камералы эхинококк кисталар" диагнозымен 9 жастағы пациентке ота жасады.


Жасөспірімнің ауырғанына шамамен 3 ай болған, бас ауруы, бас айналу, көру қабілетінің нашарлауы байқалған. Мидың МРТ сканерлеуінен де мидың көлемді көп камералы цистикалық түзілуі анықталды.


Науқас ОБА-ның нейрохирургіне жүгініп, балалар нейрохирургиялық бөлімшесіне жедел жатқызылды. Бас миының эхинококкозына шалдыққан науқасқа 3 қыркүйекте ота жасалып, көп камералы эхинококк кистасы алынып тасталды. Оң жақтағы төбе мен шүйдесіне сүйек-пластикалық трепанациясы жасалды. Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарды.

Бөлісу