Түркістандық еріктілер ауруханаға кір жуу машиналарын сыйлады

0
1 022

Кең жүректі азаматтар мұқтаж отбасыларға қолдан келген көмектерін аямауда.


Түркістандық еріктілер ауруханаға кір жуу машиналарын сыйлады

Түлкібас ауданының еріктілері ацдандық ауруханаға 5 дана тұрмыстық техника тарту етті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының шығыс қақпасында орын тепкен Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен сауапты істер қатары жалғасын тауып жатыр. Атап айтар болсақ, елімізді әбігерге салған жаман індетпен күрес барысына жомарт жандар да барынша атсалысуда. Күні кеше аталған ауданның ерікті тұрғындары аудандық ауруханаға қазіргі таңда тазалық үшін аса қажетті бес бірдей автоматтандырылған кір жуу машинасын тарту етті.

Сондай-ақ, елді мекендерде кең жүректі азаматтар мұқтаж отбасыларға қолдан келген көмектерін аямауда.

Соңғы екі күнде ауданға қарасты Абайыл мен Жаскешу ауылының азаматтары ортаға қаржы жинап, 30 мұқтаж отбасыға құрбандыққа шалынған 2 ірі қара мен 2 қойдың етін тендей бөліп, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік жинағымен бірге таратып берді. Бұл бағыттағы игі шаралар ауданға қарасты басқа елді мекендерде де жалғасын тауып жатыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда күнгей өлкенің кәсіпкерлері мен еріктілері көбіне ауруханаларға көмектесіп жатыр.