Түркістандық еріктілер науқастарға қымыз, қымыран таратты

0
1 283

«Қымыз қырық ауруға ем».


Түркістандық еріктілер науқастарға қымыз, қымыран таратты

Келес ауданының еріктілері ауруханадағы ем қабылдаушыларға қымыз, қымыран үлестірді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ерікті болу – ерлікпен тең. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. Қиын күнде қолдап, елге көмегін тигізіп жүрген еріктілердің бір тобы Келес ауданындағы орталық ауруханада емделіп жатқан науқастарға 100 литрден астам қымыз, қымыран сынды табиғи өнімдерді үлестіріп берді.

Аталған істі қолға алған еріктілер қымыздың құрамында көптеген дәрумендер болуына байланысты, науқастардың тезірек сауығып кетуіне көмегін тигізер деген үмітте. Қазақтың ұлттық сусыны қымыздың құрамында пайдалы дәрумендер өте көп. Оны керегінше пайдалануға медицина саласының мамандары да кеңес береді.

«Аудандық аурухананың провизорлық стоционарында пневмониямен түскен 80-ге жуық науқастар емделіп жатыр. Қымыз – қазақтың дәстүрлі тағамдарына кіреді және емдік шипасы мол сусынды науқастарымыз пайдаланса, денсаулығына пайдалы болады деп есептейміз», - дейді «Абай» Келес аудандық ауруханасының бас мейірбикесі Насиба Мадиева.