Жасанды тыныс алу құралдарын да сыйлауды жоспарлап отыр.
Түлкібастық еріктілер орталық ауруханаға 210 дана оттегі балрнын тарту етті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Соңғы бір аптаның ішінде Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық ауруханаға демеушілер мен ерікті тұрғындар есебінен 210 дана оттегі балондары жеткізіліп берілді. Сондай-ақ, ол балондардың оттегісі таусылған жағдайда Шымкент қаласындағы оттегі құю бекетінен толтырып келу үшін аудан әкімдігінен жүргізушісі мен газель автокөлігі бөлініп, тәулік бойы қызмет етіп жатыр. Демеушілер тарапынан жұмыстар осымен тоқтамай, алдағы күндері еріктілер тарапынан ауруханаға тыныс алу құрылғыларын да жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, барлық ауылдық округ, кент әкімдері өздерінің қызметтік көліктері мен жүргізушілерін ақ халатты абзал жандарға беріп, бүгінде 17 көлік пен бригадалар үйлерінде сырқаттанып жатқан тұрғындарды үйме-үй аралап, ем-домдарын жасап келеді. Осылайша Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен жаман індеттің алдын алу мақсатында жүйелі шаралар іске асып жатыр.
Қиын кезеңде қазақ халқы бір-біріне демеу болған ел. Бүгінде елімізде кең етек жайған жаман індетпен күресуде де қолдарынан келген барлық көмекті жасауда. Олай дейтініміз қазіргі таңда барлық ауруханалардағы науқастарға жасанды тыныс беру мақсатында оттегі балондары ауадай қажеттігі туындағанын естіген еріктілер жанашырлық танытып, оттегі балондарын тегін жеткізіп беріп жатыр.