Түркістандық полицейлер Сарыағаштан ірі көлемдегі есірткі тапты

0
1 586

Түркістан облысының полицейлері жүргізген рейдтік шара барысында, үйінің жертөлесінде полиэтиленді пакетте есірткі сақтаған Сарыағаш ауданының тұрғыны ұсталған. Бүгінде күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 96 бабы төртінші бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Түркістандық полицейлер Сарыағаштан ірі көлемдегі есірткі тапты

Сарыағаш ауданының тұрғын үйінің жертөлесінде марихуанна сақтаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Түркістан облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция басқармасы қызметкерлері бірлесіп жүргізген рейдтік шара нәтижесінде ірі көлемде есірткі сақтаған сарыағаштық тұрғын құрықталды.

Күдіктінің үйін тінту барысында 10 келіден астам есірткі тектес заты табылған. Құқыққорғаушылар тұрғын үй жертөлесінен тапқан затты арнайы сараптамадан өткізіпті. Нәтежиесінде оның марихуана екендігі анықталып отыр. Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабы төртінші бөлігімен "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектес заттармен, прекурсорлық өткізу мақсатынсыз сақтау " бойынша сараланып, тіркеуге алынған. Өз үйінің жертөлесінде полиэтиленді пакетте он келіден астам марихуана сақтаған сарыағаштық тұрғын қамауға алынып, қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, өткен жылы облыс полицейлерінің жедел қызметі нәтижесінде алты тонна есірткі тәркіленіп, жиырмаға жуық есірткі сақтау дерегі анықталған.