ҰҚК Алматыдағы теракт туралы толық ақпарат таратты

0
1 008

Енді ҰҚК террористерді ұстау туралы барынша толық ақпарат айтатын болады.


ҰҚК Алматыдағы теракт туралы толық ақпарат таратты

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ҰҚК Алматыдағы жол берілмеген теракт туралы айтып берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың қаңтар айында байланыс және ақпарат құралдары Алматыда радикалды топтың бейтараптандырылғанын және ірітерактілердің болдырылмағанын жарыса жариялаған болатын.

Алайда, ақпарат әдеттегідей құрғақ әрі қызықсыз болған еді: "адамдар көп жиналатын жерлерде терактілер дайындаған Орталық Азия елдерінің бірінің тумалары ұсталып, тінту барысында олардан қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар алынды".

Сол кезде қоғамға жеткзіліген ақпарат осы ғана болатын. Енді ҰҚК террористерді ұстау туралы барынша толық ақпарат айтатын болады.

Сонымен, жаңа 2019 жыл қарсаңында ҰҚК-ге шетелдегі серіктестерінен Ауғанстан мен Сирияда «Ислам мемлекетінің» содырлары Орталық Азияда ірі теракт дайындап жатқаны туралы ақпараты бар шұғыл бағдарлау келіп түседі.

Алайда акцияның орны, уақыты, ұйымдастырушылары мен орындаушылары туралы нақты деректер болмаған. Осы орайда арнаулы қызметтер арасында ақпаратпен алмасу - күнделікті іс-әрекет екенін түсіндіріп өту қажет. Сол себепті кез келген, тіпті мүлдем шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер мен теракт жасау қаупінің белгілері мұқият тексеруге алынады. Ол түсінікті де, себебі таразы басында - адамдардың өмірі тұр.

Сонымен, бұл жағдай да назардан тыс қалмады. Республика тұрғындары жаңажылдық дастархан жайып жатқанда, ҰҚК-нің террорға қарсы бөлімшелерінің қызметкерлері қауырт жұмыс үстінде болды. Осы тұста арнаулы қызметтер әрекетінің түрлері мен әдістері ашық айтылмайтынын айта кету керек. Өйткені радикалдар да жаңалықтарды оқып, өздері үшін қорытынды жасап отырады.

Дегенмен, жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде басты күдікті Алматы қаласына күнкөріс үшін келген Орталық Азия республикаларының бірінің тумасы анықталды. Жедел қызметкерлер жұмыстың бастапқы сатысында күдіктінің бұлыңғыр фотосуреті, сырт келбетінің сипаттамасы және оның қолдан жасалатын жарылғыш құрылғы дайындау үшін құрамдас бөліктерін сатып алғысы келетіні туралы толықтай тексерілмеген ақпаратты қолға түсірген. Ал аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, қандай жұмыс істейтіні белгісіз болған.

Күдікиі терроршының тәжірибесіз екені, сондықтан қолдан жасалатын жарылғыш қүрылғыны жинау және жасау бойынша Ауғанстан мен Сириядағы жетекшілерінен тікелей онлайн-режимде нүсқаулық алатыны туралы деректер маңызды болатын.

Комитеттіктер мысқалдай болсын ақпаратты ой елегінен өткізіп, талдай, тексере отырып, келесі бірнеше тәулікті тағы да жұмыспен өткізді.

Жүмсалған күш-жігер жемісін бере бастады. Күдікті адамның шетел содырларымен байланысы қармалып, кейіннен олардың қүрылыс базарында химикаттарды сатып алуын тіркеуді үйымдастыруға қол жеткізілді.

Осы кезде жедел қызметкерлер терроршының қала ішіндегі қозғалысын бақылап, ол барған жерлер адамдар көп жиналатын орындар болғандықтан, тексерілушінің шабуыл жасауға арналған нысананы таңдап, барлауды жүзеге асырып жүргеніне күмән қалмайды.

Осыдан кейінгі терроршының тұрғылықты жері мен оның анықтама деректерін зерттеу техника ісі болатын. Анықталғандай, 22 жастағы Гаязов Касым деген күдікті Алматы маңында қожайындары отбасылық жатақханаға айналдырған коттедждің бір бөлмесін жалға алған екен.

2019 жылғы 7 қаңтарда еліміз біртіндеп Рождествоны тойлауға кіріскен кезде чекистер коттеджге толық бақылау орнатып, қолға түсіру бойынша операцияны дайындай бастады. Гаязовтың отандастар қатарынан бір емес, бірнеше сыбайластарының болуы ҰҚК қызметкерлері үшін күтпеген жайт болмады. Олардың барлығы бір бөлмеге шоғырланып, кем дегенде, терроршының ниетін қолдап отырған.

Осы уақытта кезекті байланыс сеансында ол шетелдік жетекшілеріне жақын күндері жарылғыш қүрылғы жинауды аяқтайтынын және қалған қүрамдас бөліктерден екінші қүрылғы жасауды бастайтынын баяндайды.

Одан әрі бөгелуге болмайтын еді. Қылмыскерлердің шабуыл жасауы ғана емес, олардың жарылғышпен жүмыс жасау дағдыларының болмауына байланысты айналасындағыларды жарып жіберу қаупі сағат сайын өрши түсті.

2019 жылғы 10 қаңтар күні таңертең коттеджге ҰҚК-нің арнайы мақсаттағы бөлімшесі басып кіріп, 10 адам ұсталды. Тінту кезінде, болжанғандай, дайын болып қалған жарылғыш құрылғы және келесі қүрылғыларды жасауға арналған ірі мөлшердегі химиялық заттар табылды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, жарылғыш қүрылғының салмағы бір килограмнан артық тротил эквиваленті жарылған кезде 10 метр радиуста барлық тіршілік атаулыны жойып жіберуі мүмкін еді. Қылмыскерлердің заттарының арасында шабуыл жоспарланған объектілер - «Көк базар», «АТФ» банкінің және қалалық полиция бөлімшелерінің бірінің ғимаратының сызбалары табылды.

Тінту барысында қылмыскерлердің ДАИШ-тың шетелдік содырларымен хат алмасуы сақталған смартфондар тәркіленді. Тергеу терактіні дайындаудың толық көрінісін қалпына келтірді.

Бейтараптандырылған топтың ядросы жоғарыда аталған Гаязов пен оның ең жақын серіктесі, 35 жастағы Халимов Давлат екені белгілі болды.

Егер біріншісі ұяшықтың нақты жетекшісі болса, екіншісі - оның идеологы, өйткені ол бірнеше жыл бұрын алыс шет елдерде жасырын курстарда исламды оқыған.

Халимовтың білімі өте үстіртін болатын. Шынында да, белгілі бір діни мәселелер бойынша пікір білдіру үшін кем дегенде университеттік бағдарламаны аяқтау керек қой. Олардың танысысуына ақша табу жолында шетелде жүрген кездегі ортақ діни көзқарастар негіз болды. Гаязов та, Давлатов та діни сауаттары жетілмегендіктен, ДАИШ-тың үгіт-насихат материалдарын көрумен айналысты. Кейіннен әлеуметтік желілер арқылы содырлармен байланысқа шығады, өзін «Шахомад» деп таныстырған олардың бірі Ауғанстанда болған, ал екіншісі «Абу Усама» - Сирияда.

Алматыға келгеннен кейін Гаязов пен Халимов санаулы апта ішінде басқа отандастарын ұяшыққа қызмет етуге шақырады. Гаязовтың талабы бойынша, жаңадан қабылданған рекруттар «халиф» Әбу Бәкір әл-Бағдадиға адал екеніне ант жазып, оны Ауғанстанға «Шахомадқа» жөнелтеді. Шетелдік куратор, өз кезегінде, Гаязовқа арналған қолдан жасалатын жарылғыш құрылғылар жасау, сондай-ақ топтың басқа мүшелері үшін қала жағдайындағы террорист әрекеттер тактикасы жөніндегі нұсқаулықтарды жолдайды. Шабуылды террористер 2019 жылғы 15 қаңтарға жоспарлайды. Гаязов пен Давлатов серіктерін «шахидтер» ретінде «абыройлы» өлімге дайындады. Өздері болса теракт табысты өткеннен кейін жасырынып, енді отанында бірқатар террорист шабуылдар жасамақшы болады.

Шабуыл жасау үшін Алматыны таңдау тек «жергілікті жерде жиһад» қағидатынан туындады. Қылмыскерлерде Алматының және жалпы республикамыздың тұрғындарын өлтіру үшін ешқандай жеке себептер болған жоқ. Олар жай ғана «кәпірлер», оларды қай жерде болғанына қарамастан жою керек.

Егер қызметкерлер қолға түсіруді бірнеше күнге кешіктіргенде не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты. Алайда, екінші жағынан, егер жеткілікті дәлелсіз қамауға алынса, онда кінәлілер жазадан құтылып кететін еді. Арнаулы қызметтер жұмысының қиындығы да осында - сапалы және алдын ала жұмыс істеу.

2019 жылғы 13 қыркүйекте топ мүшелеріне қатысты сот шешімі шығарылды. Ұяшық жетекшісі Гаязов 18 жылға, Халимов 16 жылға сотталды, оның тағы бес қатысушысы 12 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Үш шетелдік еліне қайтарылып, өз отанында қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Айта кетейік, «Шахомад» лаңкестерінің шетелдік үйлестірушісі сол жылы арнайы операция нәтижесінде Ауғанстанда жойылып, оның сыбайласы «Әбу Усама» Сирияда ұсталды. Ол енді басқа, бұдан кем емес қызықты оқиға. ҰҚК жақын арада оның да құпиялылық пердесін ашады деп үміттенеміз.