«Жылы жаққа көшкім келеді», - дейді Данияр Есен.
«Жақсы ақша төлесе, Түркістанға барамын» деген танымал журналист жерлестеріне жақпай қалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Танымал журналист, жасөспірімдер психологиясын зерттеуші Данияр Есен жерлестерін ренжітіп алған сияқты.
Ол Облыстық Жастар ресурстық орталығының «14 күн - 14 ой» жобасына сұқбат беріп, «Ұсыныс болса Түркістан облысына келер ме едіңіз?» деген сұраққа «Жақсы жалақы төлесе барамын. Өйткені мен оңтүстікке қызығамын, оны жердің жәннаты деп есептеймін. Ол жерде бар жағынан ыңғайлы, күн райы өте керемет, жүріп-тұруға өте қолайлы жер» дейді.
Оның жауабын естіген көрермендер нақты соммасын айтуды сұрағанда, күліп миллион деген журналист нақты қанша екенін атамаған.
Мұны естіген жерлестері: «Жастарға нағыз жанашыр жоғары жалақыға емес киелі жерді басып нанын жеп суын ішуді мәртебе санап, пайдамды тигізсем деп келеді, шарт қойып райдар талап ететіндей кәсіби әлемдік танымалдарға еліктемей, аяққа тұрып келе жатқан жаңа облыс жастарына шынайы жол сілтеуші мамандар керек!», «Ақша сұрап келетіндерден пайда жоқ» - дегендей пікірлер жазған.
Әрине, журналистің сөзін қолдағандар да табылған.