«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Орман шаруашылығы ұжымы тазалық акциясына қатысты

0
533

Жалпы 80-ге жуық табиғат қорғау инспекторы қатысты.


«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Орман шаруашылығы ұжымы тазалық акциясына қатысты

Арыс, Шардара орман шаруашылығының ұжымы тазалық акциясына белсене қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығында «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» Арыс, Шардара орман шаруашылығының уақытша тұқымбақтарында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.


Сенбілікке «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» қызметкерлері белсене атсалысты. Жалпы 80-ге жуық табиғат қорғау инспекторы қатысты. Олар тұқымбақ төңірегіндегі арық-атыздарды тазалап, айналаны күл-қоқыстан тазартты. Сондай-ақ аумақты арам шөптерден тазалау, талдарды әктеу, қураған ағаш түптерін бұтау сынды жұмыстар атқарылды.


Тұқымбақ аумағында әр аптаның сенбі күндері тазалық шарасы өткізіліп тұрады. Тазалық шарасының басты мақсаты – тұқымбақтың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.


Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғалы табиғи парктің инспекторлары акцияға белсене атсалысуға әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп, тазалық жұмыстарына жұмыла кірісіп, осы уақытқа дейін 1000-ға жуық ағаш көшетін отырғызды. Атап айтқанда, отырғызылған көшеттердің ішінде шаған, үйеңкі, қарағаш ағаштары көптеп кездеседі.