​Жетісай ауданының әкімі чемпионға құрмет көрсетті

0
1 577

Ерғали Сәрсенбеков 1993 жылы 4 сәуірде Түркістан облысы Жетісай ауданы Көрікті ауылында дүниеге келген. Ол джиу-джитсумен 2010 жылдан бері айналыса бастапты.


​Жетісай ауданының  әкімі чемпионға құрмет көрсетті

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев джиу-джитсудан Азия чемпионатының күміс, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ерғали Сәрсенбековті қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында аудан басшысы ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген балуанға сәттілік тілеп, өз атынан алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

«Жетісай ауданының спорты жыл санап дамып, биік белестерді бағындырып келеді. Бұл ретте атлеттерімізге үлкен сенім артылып отырғаны шындық. Сол үшін барша спортшыларымызға байрақты бәсекелерде сәттілік тілеймін. Жеңісің құтты болсын, бүкіл жетісайлықтардың атынан саған алғыс білдіре отырып, деніңе саулық, отбасыңа амандық тілеймін», - деді Жамантай Қанайұлы.

Айта кетейік, Ерғали Сәрсенбеков 1993 жылы 4 сәуірде Түркістан облысы Жетісай ауданы Көрікті ауылында дүниеге келген. Ол джиу-джитсумен 2010 жылдан бері айналыса бастапты. Ерғали 2015 жылы Қырғызстанда өткен жастар арасындағы турнирде топ жарып, король партері медалінің иегері атанған. Биыл Азия чемпионатында 71 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізсе, 70 келі салмақта Әлем біріншілігінің қола жүлдесін иемденген.