Жетісайда күзгі жиын-терім жұмыстары аяқталуға жақын

0
2 190

Жалпы биыл Жетісай ауданында 839 гектарға қырыққабат егілсе, одан 30701,2 тонна өнім алынған.


Жетісайда күзгі жиын-терім жұмыстары аяқталуға жақын

Жетісай ауданында күзгі жиын-терім жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінде қырманға 123 мың 189 тонна мақта түсті. Ал гектар берекелігі 25,2 центнерді құрап отыр. Қазір жетісайлық шаруалар мақтаның екінші терім жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы биыл Жетісай ауданында 839 гектарға қырыққабат егілсе, одан 30701,2 тонна өнім алынған. Оның 80 пайызы шетелге экспортталыпты. Сондай-ақ, ауданда биылғы жылы 15019,2 гектарға бақша өнімдері отырғызылған. Ал одан алынған өнімнің жалпы көлемі 426159 тоннаға жетіпті. Мәселен, 8621,7 гектарға қауын, 6397 гектарға қарбыз егілсе, оның 30 пайызы шетелге экспортталған. Бұдан бөлек, Жетісай өлкесінде майлы дақылдар, көкөністер толығымен жиналып алынды.

Қазіргі таңда ауданда 24222 гектар мақта алқабы дефолиацияланған. Бұл жұмыстарды нәтижелі жүргізуде Атамекен ауыл окурігі көш бастап келеді. Мұнда бүгінге дейін 4950 гектар мақта алқабында қурату шаралары аяқталған.

Сонымен қатар, аудан басшысы қатысқан жиын барысында «Ақ керуен» шарасына дайындық барысы да талқыланды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру үдерісінің жай-күйі де сөз болды. Қазіргі таңда аудандағы егістік жерлердің 61 пайызы электронды картаға енгізілген. Алайда бұл көрсеткішті күн санап жақсарту қажет. Осы мәселеге мән беруге шақырған аудан әкімі тиісті сала басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды.