Жетісайдың әкімі қарттарға құрмет көрсетті

0
2 066

Шара соңында ақсақалдарға кәсіпкер атынан сый-сияпат көрсетілді.


Жетісайдың әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күні меркесіне орай Жетісай аудан әкімдігі мен жеке кәсіпкер Мұрат Байтелиевтің демеушілігімен «Алтын шаңырақ» мейрамханасында салтанатты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара барысында 150 қарияға арналып дастархан жайылып, құран оқытылып, ас берілді.

Жиында сөз алған аудан әкімі Жамантай Қанайұлы қарияларды төл мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматтарға алғыс хат табыс етті.
Бұл мерекелік дастарханға Мақтарал ауданында абыройлы еңбек етіп, ерекше қажыр-қайратымен көзге түскен ақсақалдар жиналды. Аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырып, әсем әнмен қариялардың көңіл-күйін көтерді. Шара соңында ақсақалдарға кәсіпкер атынан сый-сияпат көрсетілді.

«Қазіргі таңда біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, үкімет тарапынан жан- жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт те тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептеймін. 1 қазан күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына, үлгі, өнеге», – деді аудан әкімі Жамантай Қанайұлы.