ДРАЦЕНА жапырақтары түсе бастаса ЖЫЛЫ СУМЕН шомылдырыңыз

0
3 847

Драцена гүлін суғарғанда өте мұқият болу қажет.


ДРАЦЕНА жапырақтары түсе бастаса ЖЫЛЫ СУМЕН шомылдырыңыз

Бөлме гүлдерінің ішінде көп өсірілетін гүлдердің бірі – драцена. Өсімдік негізінен Африкада кеңінен тараған. Кейбір түрлерін Оңтүстік Азияда кездестіруге болады және Орталық Американың тропикалық бөлігінде кездеседі. Дәл осы Орталық Америкада драцена гүлінің пайда болуы туралы керемет аңыз бар.


Ертеде жас жігіт тайпа басшысының қызына ғашық болады. Мұны білген қыздың әкесі жігітке қатал шарт қояды. Шарт бойынша ғашығына қол жеткізу үшін жігіт таяқты алып топыраққа қадап, суғару керек. Және сол таяқтан бес тәулік ішінде жапырақ өсіп шығуы тиіс болған. Жігіт күн-түн демей таяқтың түбін қопсытып суғарумен болады. Бесінші тәулікте әлгі таяқта жапырақтар пайда болып ол әдемі драцена ағашына айналады. Жігіт ғашығына қол жеткізіп екеуі бақытты ғұмыр кешеді. Сондықан ондағы халық драцена гүлін «бақыт ағашы» деп атайды.


Гүлдер әдебиетінде драценаны - жалған пальма деп атайды. Бұл оның пальма ағашына ұқсастығынан болса керек.

Егер сіз драцена гүлін өсірем деп шешсеңіз, онда аңыздағы жігіт секілді біраз күш жұмсап, шыдамдылық танытуыңызға тура келеді. Алайда күш жұмсау керек деп гүлді өсіруден қашудың қажеті жоқ. Ол үшін драцена гүлін өсірудің бірнеше ережелері мен құпиясын білсеңіз болғаны.


Гүлді өсірудің қысқаша сипаттамасы:

Жарық – қысқы мезгілде өсімдікке өте мол жарық қажет. Ал жазда гүлді шамалы көлеңке тұсқа қойған жөн.

Температура – жылы мезгілде гүлді 25 градустан жоғары болмайтын жерге қойған дұрыс. Ал қысқы мезгілде 12градустан төмен емес бөлмеге қою керек.

Суғару – Драцена гүлін суғарғанда өте мұқият болу қажет. Ол топырағында тұрып қалған артық ылғалды мүлде жақтырмайды.Өсіп жатқан кезінде драценаны молынан жүйелі түрде суғарған жөн. Топырағының беткі қабаты 20-30мм тереңдікте құрғаған кезде суғарылады. Ал қысқы мезгілде гүл салқын жерде тұратын болса, онда оны сирек және аздан ғана суғарамыз.

Ауаның ылғалдығы –қысқы мезгілде бөлмедегі ауа тез құрғап кететіндіктен драцена гүлін күніне 2 мезгіл бүркігіштен су шашып ылғалдап тұру керек немесе анда-санда жылы суға шомылдырып тұрған жөн.

Тыңайту – драцена гүлінің топырағын сәнді жапырақты өсімдіктерге арналған минералды тыңайтқыш жинытығымен, сәуір айынан бастап қыркүйекке дейін 15 күнде бір рет қоректендіру қажет. Ал қысқы мезгілде ешқандай тыңайтқыштың қажеті жоқ.

Тыныштық кезеңі – ол қазан айынан басталып, сәуір айында аяқталады. Алайда өсімдік тыныштық кезеңіне тек салқын жерде тұрса ғана кетеді.

Қайта егу – қайта егуді көктемгі мезгілде, өсіп-өне бастаған кезде жасау керек. Бірақ оның өзінде тек қажет болса ғана. Ал негізінен драцена гүлін 2-3 жылда 1 рет қана ауыстырып қайта отырғызады.

Көбейту – ұрықтан немесе сабағының бөліктері, гүлдің жоғарғы бөлігі арқылы. Гүлдің жоғарғы бөлігін кессеңіз, онда ол жерден екі бөлік болып қайта көбейеді. Ал кесіп алған бөлікті тамыр шығарып бөлек ыдысқа қондыруға болады.



Солып, өліп бара жатқан драценаны құтқару жолдары

Егер гүлдің жапырақтары сарғайып, сабағы жұмсарып немесе тамыры қарайып шіри бастаса, онда оны құтқарудың бірнеше жолы бар.

  • Егер гүлдің нашар жағдайы ауаның құрғақтығынан болса, онда оны жылы сумен құтқаруға болады. Ол үшін гүлдің түбіндегі топырақтың бетін кленкамен жауып, гүлдің өзін жылы сумен бүркіп шомылдыру керек.
  • Егер гүл 15градустан төмен салқын жерде қалып қойса, онда оның тамыры шіриді. Ондай кезде тамыр толық шірімей тұрып жаңа топыраққа отырғызу керек. Ал толық шіріп кетсе, онда тамырды қырқып тастап жоғарғы жағынан тамыр шығаруға тура келеді.
  • Егер драцена сынып қалса, сынған жоғарғы жағын тез-ақ тамырландырып алуға болады.Ол үшін сынған жерді өткір пышақ немесе қайшымен кесіп, шамалы уақыт таза ауада ұстап тұру қажет. Кескен жер кепкен соң ыдысқа су құйып 1 таблетка белсендірілген көмір салып, соған драценаны салу керек. Белсендірілген көмір өсімдікті шіруден сақтайды.
  • Егер гүлді шектен тыс көп суғарып қойсаңыз, онда оның тамыры шіріп кетпес үшін өсімдікті ыдысынан шығарып алған дұрыс. Тамыры зақымданбаған сау болса, қағаз сулықты тамырға орап суын сорғытып алыңыз. Су болған сулықты тастап келесісін ауыстырырыңыз. Одан кейін жаңа топыраққа отырғызу керек. Ал егер жаңа топырақ болмаса, өз топырағын кептіріп алған дұрыс және топырақтың беткі қабатының 2-3см құрғамай тұрып қайта суғармаған жөн.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз: Мысықты дәретханаға үйретуге ПИЯЗ көмектеседі


Ұқсас материалдар: БҰЛ гүл ГҮЛДЕМЕЙ қойса ЫСТЫҚ су құю керек