​Пластик бөтелкеде өскен қияр екі есе мол өнім береді

0
6 119

30 дәннен 12 шелекке дейін өнім алуға болады.


​Пластик бөтелкеде өскен қияр екі есе мол өнім береді

Қияр секілді қарапайым көкөніс тұрмыста өте көп пайдаланылады. Ол тек салат пен консервация үшін ғана емес, сонымен бірге косметикалық құрал, емдік мақсатта, салмақ тастауда да қолданылады. Бұл қарапайым көкөністі қыруар қаржы мен күш жұмсамай-ақ, әр отбасы өзіне жеткілікті мөлшерде есігінің алдында еге алады.


Ол үшін арнайы үлкен жер де қажет емес. Бар болғаны 5 литрлік пластик бөтелке мен шамалы уақыт қажет.


Көкөністі мұндай ыдысқа егудің бірқатар артықшылығы бар:

  • Дұрыс дайындалған және күтілген пластикалық бөтелке сізге ұзақ жылдар қызмет етеді.
  • Арам шөп жұлып, түбін қопсытып әуре болмайсыз.
  • Өсімдіктің тамыры ашық топырақта өскен секілді бей-берекет жан-жаққа жайылмайды. Сондықтан суды да аз қажет етеді.
  • Тамыр жүйесін зақымдамай-ақ жарамсыз болған топырақты оңай ауыстыра аласыз.
  • Өте аз орын алады, тіпті балконда да өсіруге болады.


ЕСКЕРТУ: Техникалық, химиялық және улы сұйықтықтан қалған бөтелкелерді қолдануға болмайды.


Бөтелкені дайындау:

  • 5 литрлік суден немесе сұйық майдан босаған пластик бөтелкенің түбіне тесіктер жасап, жоғарғы жағын кесіп аламыз.
  • Ішіне топырақ салмай тұрып, алдымен бөтелкенің ішін әлсіз марганец ерітіндісімен шайып алған жөн.


Бөтелкедегі қиярға қажетті топырақ

Қиярдың тамыры үнемі демалып тұруы керек. Сондықтан оған жеңіл және борпылдақ топырақ қажет.

Егер топырақты арнайы дүкеннен алсаңыз, онда асқабаққа арналған немесе әмбебап топырақ алған дұрыс. Сондай-ақ дренаж керек болады.

Назарға алыңыз: Дренажды жаңғақ қабығын немесе пенопластты ұнтақтап жасауға болады.

Ал жеңіл топырақты өз қолыңызбен де жасап алу қиын емес. Ол үшін кәдімгі топыраққа:

  • өткен жылдан қалған жапырақ
  • көң қосып араластырады
  • шымтезек
  • ағаш жаңқасы
  • сабан


Қиярдан жақсы өнім алу үшін сапалы дәнді таңдау керек

Тегіс, әдемі дәндерді таңдап, бір уысын ыдысқа салып, үстіне су құю қажет. Жақсылап араластырып, судың тоқтағанын күтеміз. Су бетіне көтерілген дәндерді төгіп тастаймыз. Олар жарамсыз. Ал түбінде қалған дәндерді судан 20 минуттан кейін шығарып, әлсіз марганец ерітіндісінде жібітеміз. Бұл әдіс дәннің сыртқы қабатындағы инфекцияны жояды.

Кейбір өндірушілер өңделген дәнді сатады.


Егу ережесі

Қияр дәндерін 1-2 см тереңдікте ылғалды топыраққа егу керек. Бір ыдысқа екі дән егу жеткілікті. 6-7 күн ішінде өніп шығады.


Бөтелкедегі қиярдың күтімі

Дәнді еккен соң алғашқы үш аптада екі күнде бір рет үзбей жылы сумен суғарып отыру қажет. Одан кейін гүлдегенше аптасына 1 рет суғарылады. Ал гүлдеген соң 3-4 күнде 1 рет суғарылуы тиіс.

Міндетті түрде суперфосфат, аммиякты селитрамен қоректендірген жөн. Жанынан өскен өскіндерді кесіп отыру керек. Қиярдың сабағы өскен сайын әр 15-20 см-де байлап отырған дұрыс.


Пайдалы кеңес: Әр күн сайын қиярды нанды қорекпен суғарған жөн. Ол үшін ыдысты жартысына дейін нанның кесектерін салып, үстіне толтыра су құямыз. 2-3 күн жылы жерге қойып, үстіне тағы су құямыз. Аптасына бір рет осы тұнбаның жарты литрін әр ыдысқа құйып суғару қажет.



  • Егер қиярды өрмек кене (паутинный клещ) басатын болса (ол кезде жапырақтары сарғаяды), онда сарымсақ суы көмектеседі. Ол үшін: 5 тіс сарымсаққа 1-1,5л қайнаған су құйып, 6 сағатқа тұндырып қоямыз. Осы тұнбаны жапырақтарға бүркиміз.
  • Сондай-ақ мұндай кезде пияз қабығының тұнбасы да жақсы көмектеседі. Ол үшін 1 литрлік банканың жартысына дейін пияздың қабығын салып, үстіне толтыра су құйып 1 күн тұндырылады. Кейін осы 1 литрлік тұнбаның үстінен 2 литр жай су құйып араластырып қиярға себу қажет.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз: БӘРІ ҚЫМБАТТАП КЕТТІ МЕ? Бройлер балапанын өсіргендер ұтады