Сарымсақ пен балықтың иісін ТІС ПАСТАСЫ КЕТІРЕДІ

0
2 762

Тіс пастасын тісті тазартудан өзге көптеген жағдайларға пайдалануға болады.


Сарымсақ пен балықтың иісін ТІС ПАСТАСЫ КЕТІРЕДІ

Тіс пастасының негізгі қызметі – тісті тазарту. Бірақ кейде үй-тұрмыста қажет кезде тіс пастасын өзге де мәселелерді шешуге пайдалануға болады. Төменде тіс пастасын үйдегі қажеттіліктерге пайдаланудың ерекше жолдары туралы керекті кеңестерді ұсынамыз.

Көптеген тіс пасталарының құрамына қабынуды басатын, ағартатын және қажайтын қасиеттері болады. Осы қасиеттеріне қарай тіс пастасын түрлі жағдайда пайдалануға болады.


Тіс пастасы асүйде ТАПТЫРМАС КӨМЕКШІ

  • Пияз немесе сарымсақ, балық тураған тақтай мен пышақтарды тіс пастасымен сүртетін болсаңыз, онда ешқандай жағымсыз иіс қалмайды. Сондай-ақ сондай жағымсыз иістерден кейін қолды да тіс пастасымен жуатын болсаңыз, сабынның кетіре алмаған исін бір-ақ сәтте кетіріп береді.
  • Тіс пастасын күмістерді тазартуға да пайдаланады. Қарайып немесе көмескі тартқан күміс ыдыстарға тіс пастасын жағып қойып, 2-3 сағаттан кейін жуып, сүртіп алса, жарқырап шыға келеді.
  • Ас үй жиһазында қалған кофе мен шай іздерін тіс пастасымен кетіруге болады. Дақ тиген жерге тіс пастасын жағып ысқылап, кейін таза дымқыл шүберекпен сүртіп алу керек.Сондай-ақ тіс пастасы ағаш бетінде судан қалған ізді де кетіреді.


  • Тіс пастасы металл ыдыстарды да жақсы тазартады. Бізде көбіне нан сүзгіш (шолпы, наншәулі) тез тот басады. Шүберекке аздаған тіс пастасын жағып нансүзгіні ысқылап жіберсеңіз, жарқырап шыға келеді.


Тіс пастасы - денсаулық үшін

  • Егер денеде көгерген іздер немесе қанды ісік (гематома) пайда болса, онда ол жерге аз ғана мөлшердегі тіс пастасын алып жағу керек. Көгерген, ісінген жерлер тез басылады.


  • Ұшық шығып жүйкеге тисе де тіс пастасы көмектеседі. Ол үшін ұшық шыққан жерге тіс пастасын жұқалап жағып қою қажет. Ол теріні құрғатып, шетінен түсіреді.
  • Бетке безеу, бөрітпе шықса да тіс пастасы жақсы көмекші құрал. Түнге жатарға безеуге жұқалап жағып қойса, таңертең сәл ғана орны қалады. Тек бұл үшін гель-пастаның жарамайтынын біле жүріңіздер.
  • Тіс пастасы сырылған, кесіп кеткен жердің қанын тез басады. Егер байқамай бір жеріңізді кесіп немесе сырып алып, қолыңызда қан тоқтатуға көмектесетін йод болмай қалса, онда бірден тіс пастасының көмегіне жүгінген жөн. Тіпті тіс пастасы сутек асқын тотығының орнына да қолданылады. Аз ғана мөлшерін қанап жатқан жерге жағу керек.
  • Шала, кішігірім күйген немесе мүйізгек (мозоль) пайда болғанда, оны тез арада жазатын – тіс пастасы.
  • Егер маса шағып дене бөрітіп қызарып қышынып кетсеңіз, онда сол бөріткенге азғана тіс пастасын жағып қойыңыз. Қышыну тез-ақ басылады.


Тіс пастасымен жуынатын және әжетхана бөлмелерін жарқыратып тазалауға болады

  • Тіс пастасымен жуынатын бөлмедегі сырлы кірпішті (кафель) жарқыратып тазалайды.
  • Тіс пастасы мен аздаған суды араластырып, қоспасымен кез-келген хромды заттарды, қол жуғыштарды тазартуға болады.


  • Жуынатын бөлмедегі шыны сөрелер мен айна терлемес үшін тіс пастасымен сүртіп қою керек.
  • Дәретхана бөлмесіндегі ауа үнемі таза болып тұруы үшін артық шығындалудың қажеті жоқ. Ол үшін бар болғаны жалбыз дәмі бар арзан тіс пастасын алып, дәретхананың су жинайтын бөшкесіне салу керек. Әр су ағызған сайын тіс пастасының иісі бөлме ішін тазартып тұрады.


Тіс пастасы дақтарды жақсы кетіреді

  • Киімдегі ескі дақтарды тіс пастасымен тазартуға болады. Дақ бетіне аздап тіс пастасын салып, дақ кеткенше ысқылау керек.Содан кейін сол жерді жылы сумен шайып аламыз. Назарда ұстаңыз! Ағартатын қоспасы бар тіс пастасы түрлі-түсті киімнің түсін өзгертуі мүмкін.


  • Егер балаңыз боялған қабырағаларға сурет салып тастаса, онда тіс пастасын қолданыңыз. Шүберекке тіс пастасын сығып алып, суретті қашан кеткенше ысқылау керек.


Тіс пастасы аяқкиімді де керемет тазартады

  • Ашық түсті аяқкиімдегі сызылған қара дақтарды тіс пастасы білдіртпей жібереді. Ол үшін дақ түскен жерді тіс пастасымен сылап қою керек. Кепкен соң шүберекпен тазартып аламыз.
  • Ескі немесе қатты кірлеген ақ түсті аяқкиімді тіс пастасымен шөткелесе, ол ағарып өңі кіріп қалады.


Қажет кеңестер, керектеріңізге жарасын!


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: Көктемде қырқылған ағаштың жемісі үлкен әрі дәмді болады


Ұқсас материалдар: Үй ішін ДИЗАЙНЕРСІЗ-ақ заманға сай СӘНДЕУДІҢ 7 ҚҰПИЯСЫ


ҰН БИТТІ КЕТІРЕДІ және ЖАСАРТАДЫ