Ол арктикалық аймақта төтенше жағдайлардан қорғану бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығуға қатысып, адам өмірін құтқаруға тырысқан.
ERNUR.KZ. Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Евгений Зиничев қызметтік міндетін орындау барысында көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, министр ведомствоаралық оқу-жаттығулары кезінде адамды құтқарамын деп қайтыс болды.
"Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Евгений Зиничевтің қызметтік міндетін орындау кезінде опат болғанын қайғырып хабарлайды. Ол арктикалық аймақта төтенше жағдайлардан қорғану бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығуға қатысып, адам өмірін құтқаруға тырысқан", - делінген ресми хабарламада.
Евгений Зиничевтің өмірбаяны
Евгений Зиничев 1966 жылы Ленинградта дүниеге келген. Санкт-Петербургтің бизнес және құқық институтының "Қаржы және кредит" факультетін тәмамдаған.
1984-1986 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында Солтүстік флотта мерзімді әскери борышын өтеп келген.
1987-2015 жылдары мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеді.
2013 жылы Ресей Федерациясының Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясында кәсіби қайта даярлаудан өтті.