Марқұмның әйелі күйеуінің өлімі 100 пайыз вакцинамен байланысты екенін айтады.
ERNUR.KZ. АҚШ дәрігері Григорий Майкл коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын алғаннан кейін қайтыс болды. Бұл қаралы хабарды дәрігердің әйелі Хайди Некельманн жеткізді, деп жазады zakon.kz.
Менің ойымша, оның өлімі 100 пайыз вакцинамен байланысты, - деп келтіреді Daily Mail басылымы Некельманның сөзін.
Оның айтуынша, күйеуінің өлімін басқалай еш түсіндіруге келмейді. Өйткені ол салауатты өмір салтын ұстанған, жаман әдеттері болмаған және спирттік ішімдік ішсе де оны сирек тұтынады екен. Аурухана дәрігердің денсаулығын тексеріп, бәрі жақсы болғанын растады.
Вакцинациядан кейін ер адамның тері астынан қан кеткені атап өтілді. Оның ағзасы тромбоциттерді жойды, соның салдарынан миына қан құйылды. Дәрігер 3 қаңтарда қайтыс болды. Pfizer мамандары Майклға не болғанын зерттеп жатыр.
Бұған дейін Норвегияда үш науқас вакцинациядан кейін қайтыс болды деп хабарланған болатын. Норвегия билігі бұл өлімнің вакцинаға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.