АҚШ-та коронавирус мысыққа жұқты

0
833

Дәрігерлер үй жануарларын мүмкіндігінше үйде ұстап, олардың басқа жануарлар немесе адамдармен байланысын шектеуге кеңес береді.


АҚШ-та коронавирус мысыққа жұқты

ERNUR.KZ. Нью-Йорк штатында екі үй жануарынан алынған тест оң нәтиже көрсетті. Мұндай жағдай АҚШ-та тұңғыш рет болып отыр, деп жазады zakon.kz.

Белгілері тұмауға ұқсас ауруға шалдыққан екі мысық коронавирусты адамнан жұқтырған болуы мүмкін.

Доктор Кейси Бартон Бейравиш үйінде жануар ұстайтындарды сабырлық сақтап, ит-мысығын тестілеуге апармауға шақырды.

"Адамдар өз үйіндегі үй жануарларынан қорықпасын. Вирустың жануардан адамға жұғатыны әлі дәлелденген жоқ", - деді ол.

Әйтсе де дәрігерлер үй жануарларын мүмкіндігінше үйде ұстап, олардың басқа жануарлар немесе адамдармен қатынасын шектеуге кеңес береді.

Бұған дейін коронавирустық инфекцияны Бронкс (Нью-Йорк) хайуанаттар бағында ұрғашы жолбарыс жұқтырған болатын. Бұл жолбарыс коронавирус жұқтырған әлемдегі тұңғыш жағдай болды және АҚШ-та вирустың жануарға жұғуының алғашқы жағдайы болған. Төрт жасар жолбарыс Надия коронавирусты зообақ қызметкерінен жұқтырған болуы мүмкін.