АҚШ-та коронавирустан 100 мыңнан астам адам қайтыс болуы мүмкін

0
737

Қазіргі таңда вирустан 2000-нан астам америкалық қайтыс болған.


АҚШ-та коронавирустан 100 мыңнан астам адам қайтыс болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Жексенбі күні АҚШ Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаучи жаңа коронавирустан 100 мыңнан 200 мың адамға дейін құрбан болуы мүмкін екенін мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, ол миллиондаған адамның коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті.

Екі күннің ішінде қайтыс болғандар саны екі есеге артып, 2 мың адамға жеткен. Сенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша, АҚШ-та 121 мың адам ауру жұқтырған.

Жексенбі күні президент Дональд Трамп баспасөз мәслихатында мәлім еткендей, АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 100 мың-200 мың адамға жетсе, әкімшілік «жақсы жұмыс істеді» деп айтуға болады.

Ауру жұқтырғандар санының күн санап артып жатқанына байланысты ауруханаларда орын тапшы, әсіресе Нью-Йоркте – штатта елде ауру жұқтырғандар ең көп тіркелген. Елдегі көптеген ауруханаларда екі аптадан кейін орын болмайды, себебі ауру жұқтырғандар саны өсіп жатыр, деп мәлімдеді Трамп.

Вирустың таралуын тоқтату масатында түрлі қалалар мен штаттарда, соның ішінде Нью-Йоркте билік тұрғындардың үйде қалуын міндеттейтін шешім шығарған. Бұл шешім 215 млн америкалыққа қатысты болып отыр.

Johns Hopkins University мәліметінше, АҚШ-та жексенбі күнгі дерек бойынша ауру жұқтырғандар саны 142 мың адамға жетті. COVID-19 шалдыққандар саны әлемде 722 мың адам, одан 34 мың адам көз жұмды.