Әлемде кәмелет жасқа жетпей тұрмыс құрған 650 млн әйел бар

0
2 502

Жаңа зерттеу Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында жүргізілген.


Әлемде кәмелет жасқа жетпей тұрмыс құрған 650 млн әйел бар

ERNUR.KZ. Әлемде бала кезінде тұрмысқа шыққан 650 миллион әйел бар, деп жазады 24.kz.

Жаңа зерттеу Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында жүргізілген. 2030 жылға қарай бесіктен белі шықпай жатып, бөтен шаңырақтың босағасын аттайтын жеткіншектер саны 100 миллионға жетпек.

Жұбайлық өмірді тым ерте бастауға мәжбүр болған қыздар зорлық-зомбылыққа ұрынып, мектепке бара алмай, қараңғы болып қалуда.

Кәмекелетке толмаған шақта бала туудың соңы өліммен аяқталған қайғылы оқиғалар да жетерлік. Ковид-19 кезінде қыз балалардың өмірі тіптен қиындай бастаған. Жұмыссыздық пен дағдарыс нәзік жандардың басындағы ауыртпалықты күшейтіп жіберген.

Бала кезінен әйелге айналғандардың жартысы Багладеш, Камерун, Бразилия, Үндістан, Нигерия мен Эфиопияға тиесілі.