Әлемде коронавирустың жаңа түрі тарады

0
645

Коронавирустың алдын алу үшін қажетті вакцина бар.


Әлемде коронавирустың жаңа түрі тарады

ERNUR.KZ. Әлемде коронавирустың жаңа түрі "Пирола" тарады. Ол "Омикрон" нұсқасының мутацияланған түрі, деп жазады zakon.kz.

Осыған байланысты Қазақстанда шектеулер енгізіле ме? Денсаулық сақтау министрлігі қандай да бір шектеулер енгізу, шекараларды жабу жоспарда жоқ деді.

Коронавирустың алдын алу үшін қажетті вакцина бар. Оны жергілікті жерлердегі емханаларда салдыруға болатынын айтты.

Ғалымдардың айтуынша, "Пирола" штаммы бұрын ковидпен ауырған және екпе алған адамдарға аса қауіпті.

Мутациясы көп болғандықтан, препараттарға төзімді келеді. Министрлік жаңа штамм Қазақстанда тіркелмегенін айтты.