Әлемде маймыл шешегі қаупі күшейіп келеді

0
794


Әлемде маймыл шешегі қаупі күшейіп келеді

Еуропа бойынша маймыл шешегі ең көп тіркелген ел – Испания. 2022-жылдан бері мұнда 8 мыңнан аса оқиға расталған, деп хабарлайды 24kz.

Биылдың өзінде 264 адам медициналық көмекке жүгінген. Сосын Кәрі құрлықта ауру жұқтырғандар Франция мен Ұлыбританияда да көп.

Бірнеше күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялады. Індет Африкада тез тарап жатыр. Конго Демократиялық Республикасында жыл басынан бері 16 мыңдай дерек расталған. 550 науқас қайтыс болған.

Азия бойынша Пәкістанда алғашқы оқиға тіркелді. Сондықтан өзге мемлекеттер сақтық шараларын күшейтіп жатыр. Мысалы, Қытай шекарашылары енді елге келгендер тексеруден өтетінін ескертті. Бұл талап жарты жылға енгізіледі. Бұдан бөлек, шығысымыздағы көршіміз індет таралып жатқан елдерден келген тауарларды да тексереді. Қажет болса, оларды санитарлық өңдеуден өткізеді.

Бөлісу