Го Ифань есімді 9 жасар бала жинаған тиынын анасына сыйлық алуға жұмсаған
ERNUR.KZ. Қытайдың Линьсянь қаласында 9 жасар бала анасына сыйлық жасау үшін 1 500 юаньді (82 мың теңгеден аса) тиынмен төледі, деп жазады stan.kz.
12 мамырда Го Ифань анасына қуантқысы келіп, зергерлік дүкенге барған. Ол анасынан өзіне ұнаған сақинаны таңдауын сұрапты. Мұнан кейін 9 жасар бала рюкзагынан екі үлкен ақша жинайтын сандықшаны алып шығады.
Видеодан Ифаньнің сандықшаны сындырып, көп тиынды шашқаны байқалады. Сатушылар оның әрекетіне таңғалып, тиындарды санауға көмектесті.