AstraZeneca вакцинасының атауы өзгерді

0
1 881

Вакцина атауының өзгеруі басқа өзгерістерге әкелмейді.


AstraZeneca вакцинасының атауы өзгерді

ERNUR.KZ. Оксфорд университетімен бірге коронавирус вакцинасын жасаған британиялық-шведтік AstraZeneca компаниясы препараттың атауын Vaxzevria деп өзгертті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, вакцина атауының өзгеруі басқа өзгерістерге әкелмейді. Сонымен қатар мамандардың бұл атау туралы білуі керектігін алға тартады, өйткені препараттың қаптамасы мен таңбалануы түпнұсқадан өзгеше болуы мүмкін дейді. Еуропалық дәрілік заттар агенттігі (ЕМА) 25 наурызда AstraZeneca компаниясы берген тиісті өтінімді қарағаннан кейін вакцинаның жаңа атауын мақұлдады.


«Vaxzevria – бұл 18 және одан жоғары жастағы адамдарда SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирус инфекциясының (COVID-19) алдын алуға арналған вакцина», – делінген EMA хабарламасында.