Видеожазбада Маңғыстау даласында жайылған дастархан мен орындықтарды көруге болады.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Маңғыстау даласында жайқалған қалың қызғалдақтың арасында дастархан жайып жатқан видео тарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Видеожазбада Маңғыстау даласында жайылған дастархан мен орындықтарды көруге болады.
Желі қолданушылары демалушылардың мұндай әрекетіне наразы болды.
«Олар жабайы, гүлдің езіп тастады ғой», «Надандық, бұл – масқара», «Ұят, табиғатты ластап жатыр», «Не істеп жатырсыңдар?!» – деп жазды желі қолданушылары.
Сондай-ақ, Lada.kz редакциясына Жармыш маңында орналасқан Қаратау бұлағынан фотосуреттер жіберілді. Тұмса табиғатты қоқыс алаңына айналдырып жатқан демалушылардың әрекетіне жұрт алаңдаушылық білдіруде.
Еске салайық, маңғыстаулықтар көрікті жерлердің қауіпсіздігіне алаңдаулы. Өңір тұрғындарының бірі жерлестеріне демалыс кезінде табиғатқа зиян келтірмеуді сұрап, видео үндеу түсірген.
Айрақты қамалдар алқабын түрлендірген көктемнің келуімен демалушылар бұл аумаққа ағылып, салдарынан қоқыс толып кеткен. Оқиға орнына барған туроператор апаттың ауқымын анық көрсетті.