Тепе-теңдікті сақтай алмай қалған ер кісі, қолындағы немересімен бірге биіктігі бес қабаттай болатын эскалатордан құлап кетті.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда 53 жастағы ер адам мен оның үш жасар немересі сауда орталығының төртінші қабатындағы эскалатордан құлап кетті, деп жазады Tengrinews.kz.
Қайғылы оқиға 18 ақпанда кешкі 20:30 шамасында болған. 53 жастағы ер адам бесінші мен төртінші қабаттың арасында тепе-теңдік сақтай алмай құлап кеткен. Ер адам оқиға орнында қаза болды, ал немересі көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.
Дәрігерлер балаға жабық ми жарақаты, ми жарақаты, жамбас сүйегі сынған, оң жақ өкпенің контузиясы, маңдай аймағындағы жұмсақ тіндердің зақымдануы деген диагноз қойды. Қазір дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр
Елді дүрліктірген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.
Аталған дерек бойынша Науаи ішкі істер басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.