Әзербайжанда коронавирустың "британиялық" штамы анықталды

0
2 657

​Әлемде бұл штамм желтоқсанда табылған еді.


Әзербайжанда коронавирустың

ERNUR.KZ. Әзербайжанда коронавирустың «британиялық» штамы табылды, деп жазады Inbusiness.kz.


«Әзербайжанға шет елдерден келетін және елде тұратын адамдардан алынған сынамаларды зерттеу кезінде оларға үнемі геномдық талдау жүргізіліп отырады. Яғни вирустың басқа түрлерінің бар-жоқтығы анықталады. Ұлттық гематология және трансфузиология орталығының генетикалық диагностика орталығында жүргізілген геномдық талдаудан кейін үш сынамадан британиялық штамм табылды», – деп жазылған орталықтың ресми мәлімдемесінде.


Еске сала кетсек, желтоқсан айының ортасында Британияда коронавирустың жаңа мутациясы табылғаны еді. Кейінірек жергілікті мамандар бұл штамның әлдеқайда тезірек жұғатынын жариялап, тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға үндеген еді.Алдын-ала болжам бойынша, бұл штамм бұрынғысына қараған тезірек таралғанымен, оның өлімге әкеліп соқтыратыны туралы нақты деректер жоқ.