Бір жарым айдан бері комада: Ресейлік әнші Максимнің жағдайы туралы менеджері айтты

0
760

Маңызды өзгерістер жоқ, дейді әншінің менеджері.


Бір жарым айдан бері комада: Ресейлік әнші Максимнің жағдайы туралы менеджері айтты

ERNUR.KZ. Ресейлік әнші MakSim бір жарым айға жуық медициналық комада болды. Оның жағдайы ауыр, бірақ жақсару белгілері бар. Бұл туралы әншінің PR-менеджері Яна Богушевская мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

“Маңызды өзгерістер жоқ. MakSim-нің жағдайы ауыр, әзірге оңалу белгілері бар”, – деді менеджері.

Дәрігерлер Максимнің ұйқысын дәрі-дәрмекпен реттеп отыр, оны мезгіл-мезгіл есіне қайтарады. Алайда ол комадан толық шықты деп айтуға әлі ерте.

11 маусымда әнші суықтап ауырып, аурудың белгілерін сезіне бастады, оның температурасы 39 градусқа дейін көтерілді жоқ, Коронавирусқа жасалған тесттер теріс нәтиже көрсетті, бірақ оның жағдайы жақсарған жоқ. 19 маусымда ол пневмониямен ауруханаға жатқызылып, жасанды желдеткіш аппаратымен комаға түсті.