Чехияда коронавирустың жаңа штамы табылды

0
1 990

​Ол аса қауіпті емес.


Чехияда коронавирустың жаңа штамы табылды

ERNUR.KZ. Чехияда коронавирустық инфекцияның жаңа штамы анықталды, деп жазады Inbusiness.kz.

Жаңа штамды Брно қаласындағы Elisabeth Pharmacon деп аталатын мамандандырылған зертхананың қызметкерлері тапқан. Сарапшылардың пікірінше, бұрын тіркелмеген вирустың бұл түрі британиялық немесе оңтүстікафрикалық штамдармен салыстырғанда аса қауіпті емес. Ғалымдар қазір оны зерттеп жатыр.

Бұған дейін Үндістанда коронавирустың қос мутацияға ұшыраған штамы табылған болатын. Бұл елде соңғы уақытта науқастардың саны күрт көбейіп келеді. Жергілікті билік бұған жаңа штамның қатысы бар-жоқтығын анықтауда.