Дәрігердің айтуынша, гипертония мен атеросклероздың дамуын бастапқы кезеңінде ғана ұзақ уақытқа тежеуге болады.
ERNUR.KZ. Санкт-Петербургтік кардиолог-терапевт Сергей Кадин дәрігерге шұғыл көрінуге себеп болатын белгілерді атады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, гипертония мен атеросклероздың дамуын бастапқы кезеңінде ғана ұзақ уақытқа тежеуге болады.
Мына белгілер байқалған жағдайда дәрігерге баруды кейінге қалдыруға болмайды:
- жоғарғы қан қысымы;
- бастың жиі ауыруы, айналуы;
- кеуде қуысындағы ауырсыну, жанын жегідей жеу, жайсыздық;
- денеге салмақ түскенде әдеттен тыс шаршау немесе ентігу;
- жүректің шалыс соғуы немесе жүрек соғысының себепсіз жиілеуі;
- отбасында ерте (50 жасқа дейін) жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуы;
- 40-тан асқан жас шамасы (спорттық жаттығуларды бастамас бұрын немесе ұзақ сапарлар алдында тексерілу қажет).