Инфляцияның ең төмен деңгейі Арменияда (6 пайыз) тіркелген.
ERNUR.KZ. Мұндай мәліметті Қырғыз Республикасының Ұлттық статистикалық комитеті жариялады, деп жазады ulysmedia.kz.
Көрші елдің статитистері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде инфляция деңгейнің ең жоғары деңгейі қарашада Қырғызстанда байқалғанын хабарлайды. 2021 жылдың қарашасында 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда инфляция 9,7 пайызды құраған. Одан кейінгі орында 9 пайыздық көрсеткішпен Беларусь тұр. Инфляцияның ең төмен деңгейі Арменияда (6 пайыз) тіркелген.
«Инфляцияға азық-түлік тауарларының өсімі (11 пайызға), азық-түлікке жатпайтын тауарлардың (10 пайыз) және қызметтердің (5,1 пайызға) қымбатшылығы әсер етті», - дейді комитеттен.