Ирактағы өрт: Үйлену тойында шыққан өрт салдарынан 100 адам қаза тапты

0
778

Өрттің шығуына отшашу себеп болған.


Ирактағы өрт: Үйлену тойында шыққан өрт салдарынан 100 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ирактың солтүстігіндегі Ниневия провинциясында үйлену тойында шыққан өрт салдарынан 100 адам қаза тапты, 150 адам жарақат алды, деп жазады stan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, өрт жергілікті уақыт бойынша шамамен 10:45-те болған. Азаматтық қорғаныс басқармасының келтірген дерегіне сәйкес, той өткен зал өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмеген. Өрттің шығуына отшашу себеп болған. Қалыңдық пен күйеу бала аман қалғанымен, денелерін күйік шалған.

"Арзан әрі тез тұтанатын құрылыс материалдарын қолдану салдарынан өрт басталған соң бірнеше минут ішінде-ақ залдың кей бөлігі опырылып құлап кеткен", –делінген INA хабарламасында.

Премьер-министр Мұхаммад Шиа әл-Судани Ішкі істер және Днсаулық сақтау министрлеріне зардап шеккендерге көмек көрсету үшін барлық мүмкіндікті қарастыруды тапсырды.