Мұнда қазірдің өзінде ауа температурасы жаз мезгіліндегідей болып тұр.
ERNUR.KZ. Биыл Испаниядағы ауа райы жылдағыдан ерекше, деп жазады 24.kz.
Себебі мұнда қазірдің өзінде ауа температурасы жаз мезгіліндегідей болып тұр. Мемлекеттік метеорология агенттігі ауа температурасының елдің кейбір ауданында максималды көрсеткішке дейін көтерілетінін болжап отыр.
Мысалы, келер аптаның ортасында Эстремадура, Андалусия және Кастилия-Ла-Манч маңында күндіз сынап бағанасы 30°C асып түседі. Ал апта соңына қарай 36-37°C жетуі ықтимал.