Италия өнертапқыштары ұшатын қайық ойлап тапты

0
867


Италия өнертапқыштары ұшатын қайық ойлап тапты

ERNUR.KZ. Швед өнертапқыштары су астында жүзу қанаттары бар қайықты ойлап шығарды, деп хабарлайды Хабар24.

Венецияның тарихи ғимараттарына моторлы су көліктері қауіп төндіруде. Мәселен, уақыт өте келе аймақтағы каналдар зақымдала бастағаны байқалды. «Бұл өз кезегінде құрылыстардың қирауына әкеп соғуы мүмкін»,- дейді сарапшылар. Өңірдегі ушыққан мәселені швед өнертапқыштары шешпек ниетте. Мамандар су астында жүзу қанаттары бар қайықты ойлап шығарған. Олар арқылы жүзу кезінде қайықтың корпусы су деңгейінен көтеріліп қозғалады. Нәтижесінде көлік судың үстімен ұшып бара жатқандай көрінеді. Есесіне инфрақұрылымға зиян тигізетін қатты толқындар да пайда болмайды.


– Дрондар мен смартфондардағыдай датчиктерді пайдаланамыз. Қайықты осыдан 25 жыл бұрын шығарсақ, оның құны ондаған миллион тұрар еді. Қазір олар қолжетімді. Көлігіміз өте ыңғайлы әрі шаһар ғимараттарына қауіпсіз, - деді компания өкілі Микаэль Мальберг.