ERNUR.KZ. АҚШ-та қазақ қызы осы елдің Қаржы министрлігіне қарасты Валюталық бақылау басқармасының басшылығына тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Хабар24.
Аталған лауазым АҚШ аумағындағы жергілікті және шетелдік барлық банктерге бақылау жасайды.
«Нью-Йорк Таймс» газетінің хабарлауынша, қазір Ақ үй Қазақстанда туып, Корнель университетінің банк құқығы профессоры атанған Сәуле Омарованың кандидатурасын қарастырып жатыр. Отандасымыз банк саласында криптовалютаға қатысты туындаған қауіп-қатерлерді анықтаумен табысты айналысып келеді.