Дәріні тіпті аз мөлшер қолданған кезде де коронавирустың таралуын тоқтататынын байқаған.
ERNUR.KZ. Исехареде Токай университетіндегі жапон ғалымдары нельфирнавир антиретровирустық препараты SARS-CoV-2 коронавирусының таралуын тоқтата алатынын мәлімдеді, деп жазады Nur.kz.
Нелфинавир басқа да антиретровирустық препараттармен қоса адамның имун тапшылығы вирусына қарсы қолданылады. Жапон зерттеушілері осындай 9 препаратты зерттеп, нелфинавир тіпті аз мөлшер қолданған кезде де коронавирустың таралуын тоқтататынын байқаған.
Ғалымдар бұл дәріні коронавирусқа қарсы тиімді дәрілер тізіміне қосуды ұсынды. Алайда олар COVID-19 инфекциясын емдейтін тексерілген дәрі әлі табылмағанын да айта кетті. Сондықтан да вирусқа қарсы тиімді препараттарды тексерістен өткізу қажет.
Бұған дейін австралиялық Монаша университеті мен Мельбурндегі Корольдік аурухана ғалымдары жасушадағы SARS-CoV-2 вирусын 48 сағат ішінде 99% жоятын препарат ойлап тапқан болатын.
Бұл антипаразиттік дәрімек – ивермектин. Зерттеушілердің ойынша, оны қолдану қазірдің өзінде ауыр асқынулар мен коронавирустың таралуын алдын алатын еді.