Қырғызстан қытайлық туристерге визасыз режим енгізді

0
292

Бұл елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды қадам болды.


Қырғызстан қытайлық туристерге визасыз режим енгізді

ERNUR.KZ. Енді Қытай азаматтары Қырғызстанда 21 күнге дейін визасыз бола алады, деп жазады baq.kz.

News.kg хабарлауынша, Қырғызстан Қытайдан келетін ұйымдасқан туристік топтарға визасыз режим енгізілгенін жариялады. Бұл елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды қадам болды.

Бұл жаңалықты Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов «Қытай-Орталық Азия» форумы аясында қытайлық шенеунікпен кездесуде мәлімдеді.

Жаңа визасыз режим Қытайдан келген туристерге Қырғызстанда 21 күнге дейін болуға мүмкіндік береді. Сөзінше, бұл халық дипломатиясының дамуына және қырғыз нарығына туристерді тартуға ықпал етпек.