Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының қорытындысын жарамсыз деп таныды

0
610

​Қырғызстанда парламент сайлауынан кейін ел астанасы Бішкек қаласында митингілер өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласты.


 Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының қорытындысын жарамсыз деп таныды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының қорытындысын жарамсыз деп таныды. Бұл туралы ОСК мүшесі Гүлнәр Жорабаева хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдады", - деп жазды Гүлнәр Жорабаева.

Қырғызстандағы парламент сайлауы

4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. 16 партияның өкілдері жетінші рет шақырылған Жогорку кенештің депутаты мандатына таласты. Жалпы республикада 2430 сайлау учаскесі ашылды, тағы 45-і шетелде жұмыс істеді. 3,5 миллионнан астам сайлаушы тіркелді.

Төрт партия 7 проценттік межеден өтіп, Жогорку кенештен орын алды:

  • "Биримдик" - 24,54% дауыс және парламенттегі 46 орын;
  • "Мекеним Кыргызстан" - 23,92% дауыс және 45 орын;
  • Кыргызстан – 8,75% дауыс және 16 орын;
  • "Бутун Кыргызстан" - 7,1% дауыс және 13 орын.

Айқын көшбасшылар – "Биримдик" (Бірлік) және "Мекеним Кыргызстан" (Отаным Қырғызстан) партиялары.